Екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерге байланысты сыйлық лауреаты Үндістанға бара алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтемемен.
Ж.Турдығұловтың және Қазақстан қолөнершілер одағының атынан арнайы сыйлықты Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі алды.
Жолаушы Тұрдығұлов қазақ мәдениетін сақтауға елеулі үлес қосты. 1993 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің сәндік-қолданбалы өнер кафедрасында "Бейнелеу өнері, сурет және ағаш ою" мамандығы бойынша профессоры болып жұмыс істеді. 2018 жылы зейнетке шығып, өзінің дәстүрлі қазақ музыкалық аспаптар мектебін ашқан. Онда шебер Қазақстанның ауылдық аудандарынан келген студенттерді тегін оқытады.