"Қазақстандық өнімнің әлемдік нарыққа шығуы бізге зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар сұраныстың болуы – қазақстандық өнімнің шетелдік өндірушілермен бәсекеге түсе алатындығының айқын көрсеткіші деп санаймын. Алдағы уақытта осы тараптағы әріптестігімізді арттыра түсеміз", – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев басқосуда.
Сондай-ақ келісім елдер арасындағы әскери техникалық құралдарды бірлесе өндіру бойынша бірқатар уағдаластықтарды қамтиды. Оның ішінде, заманауи әскери қару-жарақ түрлерін шығару, қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы ең жаңа әлемдік стандарттар мен практикаларды енгізу көзделген. Алдағы уақытта Қазақстан мен Сербия кәсіпорындары 82 және 120 мм калибрлі зымыран-артиллериялық оқ-дәрілер мен минометтерді бірлесе өндірмек.
"Біздің компания үшін бұл – дамудың маңызды кезеңі. Шетелдік нарықтарға шығу – бізге өзімізді танытуға, өндірісті кеңейтуге, басқа елдердің сатып алу әлеуетін пайдалануға және саланы дамытуға мүмкіндік береді", – деді "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов.