Қазақстандық спортшылар батутта секіруден әлем чемпионы атанды

1045

Спортшылар 17-21 жас аралығындағы топта сынға түскен. 

Қазақстандық спортшылар батутта секіруден әлем чемпионы атанды

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан жас топтары арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Роман Барков пен Игорь Грачёв синхронды секіруден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Спортшылар 17-21 жас аралығындағы топта сынға түскен. Олар қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, жеңіске жетті. Қазақстандық дуэт 49,910 ұпай иеленген. Екінші орынды Франция иеленсе, қола медальді Беларусь өкілдері жеңіп алды.

Грачёв пен Барков Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері. Федор Булучевский мен Игорь Яковлевтің қоластында жаттығады.

Спортшылар 4 жылдан бері жұптасып синхронды секіруден сынға түсіп келеді. Бұл олардың әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу