Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Осакада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жұбаныш белдесуінде тәжікстандық балуанға есе жіберіп, жарысты 7- орынмен аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ширек финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, 3 белдесу өткізді. Жартылай финалдық жолдаманы сарапқа саларда отандасымызды жапониялық Кенши Харада тоқтатты.
Жансайдан бөлек, бүгін татамиге Қазақстан құрамасынан Жанболат Бағытбергенов (-73 кг) пен Руслан Мұсаев (-81 кг) шыққан болатын. Олар алғашқы айналымда қарсыластарынан жеңілді.
Айта кетейік, Жапонияның Осака қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтіп жатыр. 24 қарашаға дейін созылатын додаға ел құрамасынан 10 дзюдошы қатысуда.