Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогына қатысады

689

Минскідегі додаға ұлттық құрама сапында 27 дзюдошы қатысады.

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогына қатысады

18-19 тамыз күндері Беларусь елінің астанасы Минскіде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогы өтеді, деп хабарлайды vesti.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясы хабарлағандай, Минскідегі додаға ұлттық құрама сапында 27 дзюдошы қатысады. Олардың қатарында Азия ойындарына қатысатын Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг те бар.
Айта кетейік, дзюдодан Қазақстан құрамасы 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Джакартада өтетін Азия ойындарына қатысады. Дзюдо бойынша сайыстар 29 тамыз бен 1 қыркүйек күндеріне белгіленген. Қазақстандық дзюдошылар жылдың басты додасына қатысуға 25 тамыз күні аттанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу