Қазақстандық дзюдошылар әлемдік рейтингте жоғарылады

1282

Әлемдік дзюдо федерациясының ережесі бойынша, Гран-при жеңімпазына – 700, күміс жүлдегерге –  490, қола медаль иегеріне – 350 ұпай беріледі. 

Қазақстандық дзюдошылар әлемдік рейтингте жоғарылады

8-10 наурыз аралығында Мароккода дзюдодан кезекті Гран-при бәсекесі аяқталып, әлемдік рейтинг жаңартылды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Марракеш татамиінде жүлдеге іліккен қазақстандық спортшылар әлемдік рейтингтегі жағдайын жақсартты. Атап айтар болса, 66 келіде қола жүлдегер атанған Ерлан Серікжанов 11-ші орыннан 8-ші сатыға, аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев 51-ші орыннан 27-ші орынға көтерілді. 

Әлемдік дзюдо федерациясының ережесі бойынша, Гран-при жеңімпазына –  700, күміс жүлдегерге –  490, қола медаль иегеріне – 350 ұпай беріледі. 

Ерлер арасындағы әлемдік рейтинг:

60 келі

Елдос Сметов – 6 (4180)

Ғұсман Қырғызбаев – 10 (3229)

66 келі

Ерлан Серікжанов – 8 (3490)

Елдос Жұмақанов – 12 (3090)

73 келі

Жансай Смағұлов  – 12 (3024)

81 келі

Дидар Хамза – 15 (2653)

90 келі

Ислам Бозбаев – 10 (3392)

+100 кг

Ерасыл Қажыбаев –  27 (1392)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу