Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінде үшінші орын алды

711

Анталия татамиіне әлемнің 16 елінен 515 дзюдошы жиналды. 

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінде үшінші орын алды Фото: olympic.kz

29 ақпан мен 1 наурыз күндері Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі өтті. Екі күнге созылған жарыста Қазақстан жасөспірімдер командасы 1 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Анталия татамиіне әлемнің 16 елінен 515 дзюдошы жиналды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы медаль кестесінде 3-орынға жайғасты.

60 келіге дейінгі салмақта Мерей Марханбетов қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды.

Олжас Еренғайбов (60 кг),  Нұрайлым Сәрсенбек (40 кг), Аружан Ережепова (52 кг) мен Шапағат Дәулет (57 кг) күміске қол жеткізді.

Ал Олжас Құмар (55 кг),  Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг) пен Әділ Абдуахатов (73 кг) Қазақстан қоржынына қола жүлде салды.

Айта кетерлігі, аталған жарыс жасөспірімдер құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы жарысы болды. Жарысқа 2003-2005 жылғы жасөспірім дзюдошылар қатысты. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу