Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінен 5 медаль алды

889

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінен бір алтын, үш күміс және бір қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінен 5 медаль алды

23-24 сәуір күндері Польшаның Познань қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті. Аталған бәсекеге дзюдодан Қазақстан жастар құрама командасы қатысты. 

Ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар тізімі келесідей: 

Алтын - Мерей Марханбетов (60 келі)

Күміс - Нұрқанат Серікбаев (60 келі)

Күміс - Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі)

Күміс - Жұрқамырза Шүкірбеков (-100 келі)

Қола - Нұрсұлтан Жұбатқан (60 келі)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу