Қазақстандық Эдуард Ким су спортынан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

377

Эдуард Ким көркем жүзу жарыстарында (жеке) үшінші орын алды.

Қазақстандық Эдуард Ким су спортынан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды Фото: Olympic.kz

Отандық спортшы Эдуард Ким жиырмасыншы Word Aquatics әлем чемпионатында артистік жүзуден (техникалық соло) қола медаль жеңіп алды. Жарыс Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ким 216 ұпай жинап,  үшінші орынға тұрақтады. Бірінші орынға испандық Фернандо Диас Рио Сото 224 555, ал АҚШ өкілі Кеннет Гаудет 216 800 ұпай жинады.

Финалға дейін Эдуард алдын-ала есеп бойынша бесінші орынға ие болды. Алайда Колумбия мен Франция спортшыларынан оқ бойы оза шауып, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Бірінші орынды испаниялық Фернандо Диас дель Рио иеленсе, АҚШ өкілі Кеннет Гаудет екінші орынды жеңіп алды.

"Эдуард жақын күндері 18 жасқа толады. Ол былтыр жасөспірімдер деңгейінде өнер көрсетті, бірақ ересектер арасындағы әлем біріншілігінің медалін ие болу үшін аянбай еңбектенді. Эдуард микс-дуэттен 2019 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, 2022 жылғы ерлер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері. Биыл ол жеке және Наргиза Болатовамен бірге микс-дуэтте әлем кубогының жүлдегері атанды. Әрине, біз Фукуокада осындай табысқа жетуді асыға күттік. Эдуард – өте талантты спортшы. Бұл –  жылдар бойғы жаттығудың лайықты нәтижесі",- деді Эдуард Кимнің жеке жаттықтырушысы Жанна Демченко. 

Айта кету керек, әлем чемпионаты 18 маусым мен 30 шілде аралығында өтеді. Байрақты бәсекеге келген спортшылар жүзу, су полосы, ашық суда жүзу, суға секіру және көркем жүзуден 74 медаль үшін тартысады. Қазақстанның атынан әлем біріншілігіне спорттың төрт түрінен 50 спортшы аттанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу