Fly Arystan және SCAT әуе компанияларына айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәселен, "Fly Arystan" әуе компаниясының 11 шілдедегі Алматы-Қарағанды рейсі кешіккен. Олар жолаушыларды қонақүйге орналастырмаған, тіпті қонақүйге апаратын трансфер ұйымдастырмаған. Компанияға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Ал 24 маусымда Атырау-Алматы бағытындағы рейстің кешігуі кезінде қызмет көрсетпегені үшін SCAT компаниясына да 1 000 АЕК (3 692 000) көлемінде айыппұл салынған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу