Нұрқожа Қайпанов (-74 келі) 1-орын иеленсе, Азамат Дәулетбеков (-86 келі) күмісті қанағат етті. Ал Ризабек Айтмұхан (-97 келі) жеңіс тұғырынан көрініп, алтын алды.
Нұрқожа финалда Рамазан Рамазановтан (Болгария), Ризабек Ахмед Магомаевтан (Болгария) басым түсті. Ал Азамат Дәулетбеков ақтық сында Әли Цокаевқа (Әзірбайжан) есе жіберді.
Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир бүгін аяқталады. Шешуші жарыс күні еркін күрес шеберлері қалған салмақтарда мықтыны анықтайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу