Жеке жарыстың кезекті кезеңіне командалардың екінші экипаждары қатысты. Қазақстандық танкішілер трассадан сенімді өтіп, атыс шебіндегі барлық нысанаға қол жеткізіп екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Танк биатлоны үшін арнайы дайындалған жауынгерлік машинада өнер көрсететін ресейлік экипаж ғана қазақстандық жауынгерлерді басып оза алды. Сондай-ақ оған қашықтықты өту кезінде белгілі бір артықшылық берді.
Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген танкішілер біздің экипажбен бір кездесуде өнер көрсетіп, үшінші және төртінші орындарға жайғасты.
Еліміздің танкішілері үшін жеке жарыс кезеңі 27 тамызда аяқталады. Ал, жартылай финалға шығу үшін командалардың үшінші экипаждары өзара күресті жалғастырады.