Қазақстандық экспорт саласында мұнайдың үлесі 58%-ға жетті

1124

2019 жыл нәтижесі бойынша сыртқы саудадағы қаржы айналымы 96,1 млрд долларды құрады.

Қазақстандық экспорт саласында мұнайдың үлесі 58%-ға жетті

2019 жылдың қорытындысы бойынша мұнайдың экспорттағы үлесі төмендеп, 58%-ды құрады, деп хабарлады Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы.

2019 жыл нәтижесі бойынша сыртқы саудадағы қаржы айналымы 96,1 млрд долларды құрады. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 1,4% -ға жоғары (94,8 млрд доллар). Алайда тауарларды экспорттаудан түсетін табыс 3,4 млрд долларға төмендеп, 57,7 млрд долларды құрады. Импорттық шығындар 4,7 млрд долларға артып, 38,4 млрд долларға жеткен.

2019 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 64,12 доллар болған еді. Ал 2018 жылғы көрсеткіш – 71,69 доллар.

Қазақстандық мұнайдың негізгі сатып алушысы бұрынғыша Италия болып қалып отыр. Аталған елге 8,2 млрд долларға мұнай экспортталған. 2018 жылы Италияға 11,5 млрд долларға қара алтын тасымалдан еді. 

Осылайша экспорт саласында мұнайдың үлесі төмендеп, 58%-ға жетті. Бір жыл бұрын жалпы экспорт саласындағы қара алтынның үлесі 61,9%  болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу