2015 жылы ашылған Қазақстандағы жеңілдетілген автонесие бағдарламасына өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды naryk.kz.
Жеңілдікпен берілетін отандық автокөліктер тізіміне енді отандық электркөліктер де енгізілмек. Бұл туралы Қазақстанның Даму банкі басқарушы директоры Әділ Исмағамбетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, тоқпен жүретін көліктер бағдарламаға жыл соңына дейін енгізілмек.
Айта кетейік, 2015 жылдан бері бағдарлама арқылы 9 300 автонесие рәсімделсе, олардың жалпы сомасы 36 млрд теңгені құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу