Қазақстандық электромобиль Ресейде көрсетілді

698

Қостанайда шыққан JAC iEV7S – нарықтағы ең қолжетімді электрлі көлік. 

Қазақстандық электромобиль Ресейде көрсетілді

Ресейде қытайлық JAC брендіне тиесілі iEV7S электромобилі таныстырылды. Ол көрші елге Қазақстаннан жеткізіледі. Жыл басынан бері Ресейге 700 дана JAC S3, S5 кроссоверлері мен Т6 пикаптары экспортталды. Машинаның бағасы 2.3 млн рубль. JAC ЕЭО елдеріндегі ең арзан электромобиль болмақ. 

Хетчбэктің қуаты 39 кВт/сағ батареямен жұмыс істейтін 115 ат күшіне ие мотор арқылы қозғалады. Жүріс қоры 280 шақырымға жететін машина жылдамдығын сағатына 130 шақырымға дейін арттыра алады. Толық қуаттау үшін сегіз сағат кетеді. Жылдам қуаттайтын бекеттерде батареяны бір сағатта 80 %-ға дейін қуаттау мүмкіндігі бар. 

Олжас Оқас

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу