Қазақстандық еріктілер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады

682

Тиісті мәліметті Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі таратты. 

Қазақстандық еріктілер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады Фото: el.kz

Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау басталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Гуманитарлық көмек Ұлттық волонтерлер желісіне (Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 5 қабат, 505 кабинет) жиналады. Бұдан басқа гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалаларда мен облыс орталықтарындағы "Birgemiz" өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады", - делінген хабарламада.

Қажетті заттар:

  •  Көрпелер, ұйықтайтын сөмкелер;
  •  Термос, қол шамы, пауэрбанк;
  •  Памперстер, жеке гигиена құралдары;
  •  Қысқы киім (ересектер мен балаларға арналған, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, палантин, бас киім, шұлық, іш киім және басқа материалдар.

Қаржылық көмек келесі деректемелер бойынша қабылданады:

Заңды тұлғалар үшін:

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ

"Ұлттық волонтерлер желісі" ЗТБ

БСН 120940015916

БИК: HSBKKZKX

Р/С: KZ23601A871001005521

Жеке тұлғалар үшін:

Kaspi - қосымшасында-төлемдер, қайырымдылық бөлімінде: "Ұлттық волонтерлер желісі" ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.

Барлық сұрақтар бойынша "Birgemiz" республикалық волонтерлер фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі 11/5, 505 кеңсе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу