Қазақстандық ет өнімдерін өндірушілер бәсекеге қабілетсіз — министр

206

Олар қан, ішектер және де басқа да төменгі бөліктері сияқты барлық компоненттерді пайдалана алмайды.

Қазақстандық ет өнімдерін өндірушілер бәсекеге қабілетсіз — министр Фото: inbusiness.kz

Сала мәселерінің тағы бірі — отандық өңдеу кәсіпорындарында моральдық және физикалық тұрғыдан тозығы жеткен жабдықтар үлесінің жоғары болуы, жоғары технологиялық өндірістердің болмауы, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Қазақстандық ет өнімдерін өндірушілер шетелдік әріптестерінің алдында бәсекеге қабілетсіз, өйткені олар қан, ішектер және де басқа да төменгі бөліктері сияқты барлық компоненттерді пайдалана алмайды. 

Бағалау мәліметтеріне сәйкес ұшаның еттен басқа компоненттерінен қазақстандық өндірушілердің табатын пайдасы бір бастан шамамен 70 АҚШ доллары болса, ал көрші елдерде олардың құны 200-ден 500 АҚШ долларына дейін құрайды, бұл сатып алушыларға тартымды баға ұсынуға мүмкіндік береді", - деді министр.

Сонымен қатар, қайта өңделген премиум өнімдер сияқты жоғары маржалық бағыттарды дамыту үшін ғылым мен өндірістің тығыз өзара іс-қимылы бойынша жұмыс қажет; салқындатылған еттің ұзақ сақталуын қамтамасыз етуге арналған әзірлемелер қажет, бұл экспорт географиясы мен кірістілігін кеңейтуге мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу