Қазақстандық фильм "Үздік режиссер" жүлдесін жеңіп алды

1099

Қазақстандық фильм "Үздік режиссер" жүлдесін жеңіп алды

Эмир Байғазин түсірген ""Өзен" фильмі 75-ші Венеция кинофестивалінің "Көкжиектер" бағдарламасында "Үздік режиссер" жүлдесіне ие болды.

Фильмнің әлемдік тұсаукесері 4 қыркүйекте өткен болатын. "Көкжиектер" атты конкурстық бағдарламасында отандық фильмнен басқа кинематография саласы дамуының жаңа тенденцияларын ұсынатын көркем  18 авторлық туындылар қатысты. Мерейтойлы Венеция фестивалінің жеңімпаздарын 8 қыркүйекте жария етті, делінеді "Қазақфильм" компаниясы таратқан ақпаратта.

Айта кетсек, Эмир Байғазин бұл фильмнің сценарий авторы, режиссері, қоюшы операторы, продюсері, сонымен қатар, картинаның монтаж жұмыстарын да өзі жасаған. Трилогияның соңғы бөлімінің (трилогияның алғашқы екі бөлімі - "Асланның сабақтары" және "Төрт оқиға" фильмдері жарыққа шығуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ,  Польшаның кино институты және Sorfond  (Норвегия)  атсалысты. Бұл туынды сценарий кезінде MPA APSA Азия-Тынық мұхиттық киноассоциациясы грантының қолдауына ие болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу