Қазақстандық фильм алғаш рет Шанхай кинофестиваліне қатысып жатыр

1201

XXII Шанхай халықаралық кинофестивалінің аясында Ермек Тұрсыновтың "Шырақшы" атты көркем фильмінің әлемдік тұсаукесері өтті.

Қазақстандық фильм алғаш рет Шанхай кинофестиваліне қатысып жатыр

Қазақстандық кино Шанхай кинофестивалінің негізгі байқауына алғаш рет қатысуда.

XXII Шанхай халықаралық кинофестивалінің аясында Ермек Тұрсыновтың "Шырақшы" атты көркем фильмінің әлемдік тұсаукесері өтті, деп хабарлайды "Қазақфильм" баспасөз қызметі. Фильм 24 маусымда аяқталатын фестивальдің негізгі байқау бағдарламасына қатысады. Халықаралық қазылар алқасын белгілі түрік режиссері, Канн кинофестивалінің Алтын Пальмалық бөлімшесінің лауреаты Нури Билге Джейлан басқарады. Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен "Қазақфильм" АҚ және "Tursunov Film" компаниясымен бірге түсірілген.

Сондай-ақ, Шанхайда "Шырақшы" фильмінің баспасөз конференциясы өтті. Конференцияға "Қазақфильм" АҚ-ның бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов, фильмнің режиссері Қанат Торебай, желілік продюсер Диана Әшімова және фильмдегі басты актер Мұрат Мұқажанов қатысты.

Серік Жұбандықов фестиваль қонақтарын құттықтап, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық туралы әңгімеледі. Продюсер Қанат Торебай түсірілім туралы, фильмнің тарихы туралы әңгімелеп берді,  Мұрат Мұқажанов негізгі кейіпкердің бейнесін қалай сомдағаны туралы мәліметтермен бөлісті. Диана Әшімова болса  қазақстандық кино Шанхай кинофестивалінің негізгі байқауына алғаш рет қатысып жатқандығын айтты.

Фильм соғыстан оралған жауынгердің тарихын баяндайды. Оның қолында құтқарылған неміс қартының сыйы - ескі фильм проекторы бар. Өмірінің соңына дейін солдат сол кинопроектордан айырылмай жүреді.

Шанхай фестивалі Қытайдағы ең ірі кинофестиваль. Шанхайдағы алғашқы кинофестиваль 1993 жылы қазан айында өтіп, 33 елдің 167 фильмдері көрсетілген. Оған 300 мың көрермен келіп, қазылар алқасының құрамында Карен Шахназаров пен Оливер Стоун болды.Содан бері фестиваль 2001 жылға дейін екі жыл сайын, одан кейін оны жыл сайын өткізу туралы шешім қабылданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу