Қазақстандық фильмдер италиялық көрермендерге таныстырылады

894

75-і Венеция кинофестивалінің "Көкжиек" атты конкурстық бағдарламасында Қазақстан атынан Эмир Байгазиннің "Өзен" картинасы қатысады.

Қазақстандық фильмдер италиялық көрермендерге таныстырылады

2018 жылдың 2 қыркүйегінде Венецияда қазақстандық жаңа картиналардың таныстырылымы болады, деп хабарлайды KA3PRESS.

"Қазақстанды аш: аудиовизуалды дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер" атты іс-шарада мынадай картиналардың трейлерлері көрсетіледі: "Өзен" (реж. Э.Байгазин), "Әруақ" (реж.Х.Ахметов), "Әміре" (реж. Д.Веспа), "Талан" (реж. Б.Қалымбетов), "Ол" (реж. А.Сатаев), "Алмас қылыш" (реж. Р.Әбдрашев), "Анаға апарар жол" (реж. А.Сатаев), "Оралман" (реж. С.Құрманбеков), "Біздің қаланың кішкентай ханзадасы" (реж. Т.Теменов), "Шыңырау" (реж. Ж.Жетіруов), "Жат" (реж. Е.Тұрсынов). Бұдан бөлек "Күлтегін"  (реж. А.АӘбілдинов), "Jumper" (реж. АрманБейсембаев) және "Мұзбалақ" (реж. Т.Майдан, Т.Төлеуғазы) сынды анимациялық фильмдердің трейлерлері көрсетіледі.

75-і Венеция кинофестивалінің "Көкжиек" атты конкурстық бағдарламасында Қазақстан атынан Эмир Байгазиннің "Өзен" картинасы қатысады. Бұл картина ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен "Қазақфильм" АҚ, Emir Baigazin Production-де түсірілген. Бұдан бөлек, режиссер Эльдар Шибановтың "Секс, қорқыныш және гамбургерлер" атты  19 минуттық картинасы да кинофестивальдің негізгі бағдарламасының қысқа метражды фильмдер секциясында байқауға қатысатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу