Қазақстан құрамасы Әзербайжан футболшылармен маусым айында жолдастық кездесу өткізетін болды. Жарыс Сомбатхей қаласында өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясынан мәлім етті. Тартысты доп додасы 11 маусымда Сомбатхей қаласының "Халадаш" стадионында болады. Басталуы Астана уақытымен 21:00-ге белгіленген.
Айта кетейік, қос құрама бұған дейін 10 мәрте кездесіп, тартысты ойын көрсеткен болатын. Қазақстан оның 5-де жеңіске жетсе, 2-і тең аяқталып, 3-де қарсыласына жол берді.
Сондай-ақ қазақстандық футболшылар 7 маусымда Армения астанасы Ереванда сол елдің құрамасымен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымының жеребе тарту қорытындысы бойынша Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топқа түсті.
Қазақстандық футболшылар алғашқы ойында өз алаңында Норвегия құрамасын қабылдайды.