Қазақстандық футболшының голы Еуропаның үздіктері қатарына енді

255

Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (UEFA) өз парақшасында жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазақстандық футболшының голы Еуропаның үздіктері қатарына енді Фото: Ғалымжан Кенжебектің жеке парақшасынан

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебектің Лихтенштейн қақпасына соққан голы UEFA-ның "сенсациялық голдар" тізіміне енді.

Ұйым сарапшылары қазан айындағы ұлттық құрамалар арасындағы матчтарда соғылған ең әсерлі голдарды анықтап, үздік 4-тікке енгізді.

Ғалымжан Кенжебектің алыстан бағытталған дәл соққысы көрермендер мен сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. 

Ол 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан – Лихтенштейн кездесуінде қос голды соққан болатын.

UEFA шолушылары бұл соққыны "жылдам шешім мен тамаша техника үйлескен сәт" деп атады. 

Қазақстандық жанкүйерлер әлеуметтік желілерде футболшыны кеңінен қолдап, оның жетістігін ұлттық құраманың тарихындағы ерекше сәттердің бірі ретінде бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу