Қазақстандық ғалымдар ғылыми зерттеулерді коммерциаландыруға көшеді

995

Қазақстандық ғалымдар ғылыми зерттеулерді коммерциаландыруға көшеді

Астанада басталған "Burabay Forum: Қазақстан және Ресей шекаралық ынтымақтастығы" атты халықаралық форумы Шучье-Бурабай курорттық аумағында жалғасты, оның қорытындысы бойынша қазақстандық ғалымдар өз әзірлемелеріне коммерцияландыруды енгізу туралы идеяны жария етті, деп хабарлайды ortcom.kz.

Ғалымдар аталған бастамалар бойынша ресейлік әріптестермен бірлесіп іске асырылған коммерциялық жобалар саласында тәжірибе алмасты және қолданбалы және фундаменталды зерттеулерге инвестициялар тарту бойынша ұсыныстар жасады. Сарапшылардың пікірі бойынша ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру экономикалық өрлеуге және Қазақстанның ғылымы мен техникасының дамуына оң әсерін тигізеді.

Форумға қатысқан ресейлік Мәскеу, Санкт-Петербург, Омск, Новосибирск, Екатеринбург, Магнитогорск қалаларының ғалымдары екі ел арасындағы траншекаралық ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды. Қатысушылар ғылыми қауымдастықтар ұрпақтарының сабақтастығын жалғастыру үшін бірлескен ғылыми мектептер мен ұжымдар құру қажеттігі туралы пікір айтты.

Одан кейін Қазақстанның жас ғалымдары екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға ықпал ететін ресейлік және қазақстандық орасан зор электрондық коммерция интернеті арасында бірыңғай онлайн алаңын құру идеясын ұсынды. Бұдан басқа, ол екі ел арасындағы тұтынушыларға өнімдерді аренда үшін және сауда алаңдарының сервисі үшін шығын шығармай өз бағасымен сатып алуға мүмкіндік береді. Сарапшылар платформа тауар айналымын 75 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізе алады деген пікір айтты.

 "Біз бір орында орналасқан көптеген ресейлік және қазақстандық интернет-дүкендерін бірыңғай интернет-алаңын құрғымыз келеді. Ол ресейлік, сондай-ақ қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін бір жерде сата алады деген сөз", деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Махмут Томанов.

Форум аяқталған соң тараптар бірлескен қазақстан-ресей сарапшылар кеңесін құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді, ол өз кезегінде шекаралас елдердің басшыларына өзекті экономикалық, саяси проблемларды және қоғамның мәселелерін шешу жолын іздестіруді қамтамасыз етеді. Аталған бастама Тұңғыш Президент Қорының және РҒА ЖҒК жас ғалымдар кеңесінің негізінде құрылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу