Қазақстандық ғалымдар су тапшылығын шешпек

620

СҚО ғалымдары зерттеулерімен бөлісті.

Қазақстандық ғалымдар су тапшылығын шешпек Фото: pinterest.com

Қазақстандық ғалымдар қар суын пайдаға жаратпақ. Осылайша, олар су қоймаларындағы тіршілік нәрінің көлемін арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы Сейфуллин атындағы Цифрландыру аясындағы орталық басшысы мәлімдеді.

Тіпті, қазақстандық ғалымдардың әзірлеген әдістемесіне әлемде тең келері жоқ екен. Әзірге олар өнертабысын Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында ғана зерттеуден өткізіп көрген.

"Қазіргі таңда жобаны барлық солтүстік аймақтарда қолданып көруге болады. Ғарыштан қар мен судың көлемін есептейміз. Судың көлемін есептеу арқылы біз оның қай бағытта ағатынын бақылаймыз. Осыдан су қоймасын қай жерде салу керек екенін белгілейміз. Кейін жиналған суды ауыл шаруашылығы өнімдерін суаруға пайдалануға болады. Әзірге ол жағын ойластырмадық. Енді су ағып кетпейтін құрылғылар ойлап табуымыз керек. Ол үшін бізге гидротехнология, гидрология саласындағы мамандармен жеке ғылыми зерттеу жүргізу керек", - дейді ғалым Фараби Ермеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу