Қазақстандық ғалымдар жаңа арпа сұрыбын шығарды

296

Жаңа сорттың өнімділігі мен төзімділігі жоғары.  

Қазақстандық ғалымдар жаңа арпа сұрыбын шығарды Фото: mcx-chr.ru

Қазақстандық ғалымдар жаздық дәнді арпаның жаңа "Батырхан" сортын жасап шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сорт шаруашылыққа пайдалылығы бойынша оң бағаланып, мемлекеттік сорт сынағына ұсынылды. Оған патент алу үшін де өтінім берілді.

"Батырхан" Қазақстанның агроклиматтық және топырақ жағдайына бейімделген. Сорт жоғары әрі тұрақты өнімділігімен, ірі дәнімен, жатып қалуға және бірқатар ауруларға төзімділігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ құрғақшылық пен топырақтың тұздануына төзімділігі жоғары.

Сорттың вегетациялық кезеңі 75–85 күн. Ол масақтағы дән санының көптігімен және 1000 дәннің жоғары массасымен сипатталады. "Батырхан" тозаңды және қатты қаракүйеге төзімді, ал фузариозды тамыр шірігіне әлсіз шалдығады.

Жаңа сорт Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының бірлескен жұмысы нәтижесінде шығарылды.

Мемлекеттік сорт сынағы барысында оның өнімділігі мен агрономиялық қасиеттері жан-жақты бағаланып, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде өсіруге жарамдылығы анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу