Бакуде батуттағы гимнастикадан (жастар арасында) 28-ші әлем чемпионаты өтуде.
Қазақстандық гимнаст Ислам Қабдоллов (11-12 жас) акробатикалық жолда секіруден алтын медаль иеленді. Финалда Ислам Ресей, Бельгия, Израиль, Португалия және Оңтүстік Африка елдерінің спортшыларын басып озды.
Қазақстан гимнастика федерациясының мәліметінше, Ислам Қабдоллов 2009 жылы 16 желтоқсанда Орал қаласында дүниеге келген. Тілепқалиев Альберт Рахметоллаұлы жетекшілік ететін балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу