Қазақстандық гимнаст қыздар Азия чемпионатында 17 медаль алды

1213

Қазақстандық гимнаст қыздар Азия чемпионатында 17 медаль алды

Куала Лумпурдегі көркем гимнастикадан Азия Чемпионатының финалы өтті. Отандық спортшылар қоржынында 17 медаль бар, деп хабарлайды спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.

Сеньорлар еншісінде - 3 алтын 3 күміс 2 қола медаль. Команда көшбасшысы Алина Әділханова үш алтын (көпсайыс, доп, лента), бір күміс (обруч) және бір(булавы)  қола медальға ие болды. Тағы бір күмісті Алина командаластары Тлекенова Адиля, Жұматаева Селина және Сарыбай Айданамен бірлесе командалық біріншілікте алды. Бір күміс медальді ұлттық құрама топтық жаттығуда иеленді. Қола медальді спортшылар топтық жаттығуда иеленді.

Жасөспірімдер еншісінде - 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль. Абитова Роза  2 алтын (обруч, доп) алды, тағы 1 алтынды спортшы командалық біріншілікте иеленді. Бақатова Сабинада 1 алтын (булава), екі күміс медальді спортшылар топтық жаттығуда иеленді, бір қола медаль Сабинаның еншісінде. Бір қоланы Ертайқызы Айбота (лента) алса, топтық жаттығуда спортшылар тағы бір қолаға қол жеткізді.

Айта кетейік, Роза Абитова қазанның 6-18 аралығында Аргентина астанасы Буэнос Айреста өтетін Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алды.

Естеріңізге салайық, 28 сәуір мен 2 мамыр аралығында Куала Лумпурде көркем гимнастикадан 10 -  Азия Чемпионаты өтті.  Жарысқа Азияның 18 мемлекетінен спортшылар қатысты.

Спортшылар көпсайыста, көпсайыстың кейбір түрлері мен командалық біріншілікте медальдарды сарапқа салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу