Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогі кезеңінің финалына шықты

891

Венгрияда спорттық гимнастикадан әлем кубогінің кезеңі басталды  

Қазақстандық гимнастшылар әлем кубогі кезеңінің финалына шықты

Қазақстандық спортшылар іріктеу кезеңінен іркілмей, жалпы саны алты финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Атап айтқанда, Милад Карими төрт санат бойынша финалда өнер көрсетеді. Ол іріктеу кезеңінде еркін жаттығуда бірінші орын, қол тіреп секіруден екінші нәтиже, қоссырық үшінші орын, керме бойынша үшінші орыннан көрінді.

Ал Нариман Курбанов болса гимнастикалық ат снарядында бірінші орыннан көрініп, ақтық финалға шықты. 

 Сонымен қатар, Ілияс Азизов еркін жаттығу бойынша іріктеу кезеңінде 5-ші орынға жайғасып, жүлде үшін сынға түсуге мүмкіндік алды. 

Айта кетерлігі, финалдық бәсекелер бүгін, 3 қазанда өтеді.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу