Отандық гимнаст қоссырықпен жаттығудан күміс жүлдеге қол жеткізді. Каримидің ақтық сындағы өнеріне төрешілр 14.350 ұпай берді. Ал бұл жаттығуда І орынды Фрэнк Бэйнс (14.450) иеленсе, кипрлiк Илиас Георгиу 14.150 ұпаймен қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Сондай-ақ, Карими қол тіреп секіруден өткен финалдық сында 8-орыннан көрінді.
Осылайша, қазақстандық гимнасттар Копердегі әлем кубогінен үш медаль жеңіп алды. Кеше Милад Карими еркін жаттығуда, Ілияс Азизов гимнастикалық ат снарядында күміс жүлдегер атанған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу