Қазақстандық гуманитарлық көмек Ауғанстанның Балх қаласына барды

461

Гуманитарлық жүк жалпы салмағы 1662 тонна болатын 27 вагоннан тұрады.

Қазақстандық гуманитарлық көмек Ауғанстанның Балх қаласына барды Фото: ҚР СІМ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында "Хайратон" теміржол станциясының аумағына (Ауғанстан, Балх қаласы) Ауғанстанның Герат қаласындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге Қазақстандық гуманитарлық көмектің кезекті партиясы келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.  

Онда күріш, ұн, өсімдік майы, сүт консервілері, матрацтар, көрпелер, жаймалар, жастықтар, жылы киімдер, шатырлар, зығыр маталар, жастық қаптары мен кереуеттер бар.

Балх қаласының губернаторының орынбасары А. Идрисс ауған халқы атынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Үкіметі мен қазақ халқына тұрақты және жедел гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, екі ел халықтары арасында берік достық байланыстардың бар екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу