Қазақстандық хоккейшілер жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына өтті

226

Ұлыбританияны 22:13 есебімен жеңді.

Қазақстандық хоккейшілер жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына өтті Фото: Нұрғали Жұмағазы

Жасөспірімдер арасындағы Канвон-2024 (Оңтүстік Корея) қысқы Олимпиадасында 3x3 хоккейден Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Топтағы шешуші матчта қазақстандық хоккейшілер Ұлыбританияны 22:13 есебімен жеңді.

Осылайша, өз тобында төртінші орын алған Қазақстан құрамасы жартылай финалға өтті.

Финал жолдамасы үшін таласта біздің хоккейшілер Латвияға қарсы ойнайды. Кездесу 24 қаңтар күні таңғы 09:00 жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу