Қазақстандық индустрияны дамыту институтына жаңа басшы тағайындалды

737

Роман Скляр ұжымға жаңа басқарма төрағасы Әбдіқадыров Әлішер Елісұлын таныстырды.

Қазақстандық индустрияны дамыту институтына жаңа басшы тағайындалды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр "ҚИДИ" АҚ жаңа басқарма басшысын таныстырды, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Әлішер Әбдіқадыров М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бастаған, әр жылдары Павлодар облысы, Нұр-Сұлтан қаласының индустриялық-инновациялық даму басқармаларына басшылық етті. Осы уақыт ішінде Әлішер Әбдіқадыров индустрияландыру бағдарламасының бірінші және екінші бесжылдығын әзірлеуге, инвестиция тартуға, өнеркәсіп пен инновацияларды дамытуға белсенді қатысты.

Министр жаңа тағайындалған төраға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін жинақтаған тәжірибесі, білімі мен кәсіби дағдыларын қолданатынына сенім білдірді. Сондай-ақ Министр ұйымның бұрынғы басшысы Дана Бейсенқызы Жүнісоваға бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ министр "ҚИДИ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекмағамбетов Мұрат Маратұлын таныстырды.

Мұрат Бекмағамбетов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі, С. Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша, сондай-ақ Geneva Business School тәмамдаған.

Әр жылдары Duke University, University of California Berkeley, KUHNE Logistics University, E&Y, International Communication of school, DB International тағылымдамадан өтті.

15 жылдан астам "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының құрылымында жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін "Қазақстан темір жолы"  ҰҚ" АҚ Стратегиялар, GR және корпоративтік даму департаментінің директоры қызметін атқарған. "Қазақстан темір жолы"  ҰҚ" АҚ даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыру мәселелерін, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы заңнамалық қызметке жетекшілік еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу