Қазақстандық интернет жүктемені көтере алмауда

1158

Мұндай тенденция әлемде де байқалады. 

Қазақстандық интернет жүктемені көтере алмауда

Төтенше жағдай кезінде Қазақстанда кең жолақты интернеттің жүктемесі екі есе артты. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев карантин кезіндегі интернеттің жұмысы туралы 4 наурызда өткен брифингте баяндады.

Әсіресе 42500 теңге әлеуметтік төлемге алуға байланысты egov.kz пен 42500.enbek.kz сайты қолданушыларының саны өсті. 

Ал ұялы байланыс операторлары қазақстандық сайттарға тегін кіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар әлеуметтік желі, электронды пошта арқылы қашықтықтан оқытуға көшу туралы шешім қабылданды. 

Ranking.kz жазуынша, төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін 2020 жылдың ақпан айында Қазақстан интернеттің жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте 66-орында болыпты. Бір жыл бұрын еліміз 61-сатыға жайғасқан. Дүниежүзілік рейтингіге 171 мемлекет қатысқан. Бүгінде еліміздегі интернеттің жылдамдығы секундына 40,95 Мбит-ті құрайды. Ал әлемде бұл көрсеткіш орта есеппен секундына 75,41 Мбит. 

2020 жылдың ақпан айның соңында елімізде кеңжолақты интернет пайдаланушыларының саны 2,5 млн абонент болатын. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,8%-ға өскен. 

Қазіргі кезде әлем бойынша да интернеттің жүктемесі арқан. Мәслен Еуропада Еуро одақ өтініші бойынша YouTube.com желісіндегі өнімдердің сапасы төмендетілген. Бұдан бөлек Netflix.com сайтыда бейнежазбаларының сапасын өзгерткен. Бұл ресурстар әлемде ең көп көрермені бар желілер. Ал мұндай шаралар интернеттің жүктемесін төмендетеді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу