Қазақстандық инвестордың портреті қандай?

Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі 684 мың қосалқы шоттың 681 мыңы бөлшек инвесторларға тиесілі.

Қазақстандық инвестордың портреті қандай? Фото: pixabay.com

Қазақстандық инвестордың портреті Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қосалқы шоттар ашқан инвесторлар туралы деректер негізінде жасалады. 684 мың қосалқы шоттың 681 мыңы бөлшек инвесторларға тиесілі.

Қазақстандық инвесторлар Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың 99%-тен астамын құрайды. Бейрезиденттер үлесі бөлшек инвесторлардың жалпы санының небәрі 0,7%-ы.

Қазақстандық инвестордың портреті жас күйінде қалып отыр. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 25-34 жас аралығындағы бөлшек инвесторлар тобы бөлшек инвесторлардың жалпы санының 31%, 18-24 жас аралығындағылар – 18,2% құрады, бірақ бірнеше ай ішінде 18 жасқа дейінгі жас тобы бойынша көрсеткіш аз болды, алайда ол қысқарып, жылдың басындағы жағдай бойынша 0,06 %-пен салыстырғанда, небәрі 0,04% құрайды.

Ең көп топ бұрынғысынша 35-54 жас аралығындағы топ болып қалып отыр – 36,6%. 55 жастан асқан инвесторлардың үлесі төмендеу үрдісін сақтап, 14,2 % құрады. Бұл топ 2022 жылдың қараша айындағы көрсеткіштерге қайта оралды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ол 2022 жыл бойы жүйелі түрде қысқарған.

Гендерлік бөлініске келетін болсақ, әйел-инвесторлар санының өсу қарқыны 2022-2023 жылдар бойы сақталып отырғанын және қазіргі уақытта бөлшек инвестор-әйелдердің үлесіне 49,8 %, ерлерге – 50,2% тиесілі екенін атап өткіміз келеді.

Өңірлік жоспарда, бұрынғыдай, жетекші позициялар Алматы (19,9 %) мен Астана (11,3%) арасында сақталып келеді. Үшінші орында Түркістан облысы тұр (9,4 %). Бағалы қағаздарды ұстаушылардың ең аз саны әлі де Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі (1,7%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу