Қазақстандық инвестордың портреті жасарып келеді

25-34 жас аралығындағылардың үлесі бір жылда 29,2%-дан 31,1 %-ға дейін өсті. 

Қазақстандық инвестордың портреті жасарып келеді Фото: Profit.kz

Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың 99%-ы – бұл қазақстандық инвесторлар. Бейрезиденттердің үлесі бөлшек инвесторлардың жалпы санының небәрі 0,7 %-ін құрайды.

Қазақстандық инвестордың портреті жасарып келеді. 25-34 жас аралығындағы топ бір жылда 29,2%-дан 31,1%-ға дейін өсті. Бұл ретте үлкен буынға жататын бөлшек инвесторлар саны азайды. 55 жастан асқан инвесторлардың үлесі бір жылда 16,6%-дан 14%-ға дейін қысқарды.

Алайда, биылғы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша бөлшек инвесторлардың ең көп тобы 35-54 жас аралығындағы (36,3%) инвесторларға тиесілі, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аз өсімді (35,2%) көрсетеді.

18-24 жас аралығындағы жас инвесторлар тобы бір жыл бұрынғы (18,9%) үлесті (18,7%) сақтап отыр. Кәмелетке толмаған азаматтардың атына ашылған брокерлік шоттардың үлесі де 0,1%-двн аспайды.

Гендерлік бөлініске келетін болсақ, брокерлік шот иелері арасындағы әйелдердің үлесі ерлермен теңестірілді. Айырмашылық тек 0,2% құрайды, сондықтан 49,8% әйелдерге, 50,2% ерлерге тиесілі. 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейін қор нарығындағы әйел - инвесторлар саны 2,5 есеге өсті.

Өңірлік жоспарда бұрынғыдай Алматы (19,9%) және Астана (11,3%) көш бастап тұр. Үшінші орында Түркістан облысы тұр (9,3%). Солтүстік Қазақстан облысының үлесіне бағалы қағаздарды ұстаушылардың ең аз саны (1,7%) келеді.

"Қор нарығында инвесторлардың миллиондаған санына қол жеткізу Қазақстанның қаржы секторы үшін маңызды кезең және инфрақұрылымдық ұйым ретінде біз үшін сын-тегеурін болып табылады. Орталық депозитарий қазіргі уақытта қазақстандық бағалы қағаздар нарығының барған сайын қолжетімді және технологиялық болуы үшін көптеген бизнес-процестер мен ақпараттық жүйелерді трансформациялау процесінде тұр", – деп түйіндеді Әділ Мухамеджанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу