Қазақстандық ипотекалық компания (ҚИК) 50 млрд теңгеге дейін қосымша қорландырылады деп мәлімдеді инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
"Мемлекеттік комиссияның экономиканы жаңғырту бойынша отырысында ипотекалық несие беруді банктермен дамытуды ынталандыру үшін "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ арқылы 50 млрд теңгеге дейінгі мөлшерде қосымша қорландыру ұсынылды", – деді Жеңіс Қасымбек сейсенбі күнгі үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта осы механизмге қатысты мәселе Ұлттық банкпен талқыланып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу