Қазақстандық ірімшіктің нарықтағы үлесін арттыруға басымдық берілуде

223

Сауда желілерінде отандық өнімдерді насихаттайтын ақпараттық белгілер мен аудиохабарламалар енгізілді.  

Қазақстандық ірімшіктің нарықтағы үлесін арттыруға басымдық берілуде Фото: Отандастар қоры

Шымкент қаласында қазақстандық ірімшік өнімдерінің сатылымын арттыруға бағытталған пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің қазақстандық ірімшікке деген сұранысты арттыру үшін мінез-құлық құралдарын қолдану жөніндегі тапсырмасы аясында қолға алынған. Осы бағытта қаладағы сауда желілерімен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Пилоттық жоба "Ұлттық аналитикалық орталық" корпоративтік қоры әзірлеген ұсынымдар негізінде іске асырылуда. Қазіргі уақытта "F-Mart" және "Turan" сауда желілерінде отандық ірімшік өнімдерінің жанында "Қазақстанда жасалған" ақпараттық стикерлері орналастырылып, сатып алушыларға арналған арнайы аудиохабарламалар қосылған.

Сонымен қатар, сауда нысандарының кіреберістеріне ақпараттық баннерлер ілініп, жергілікті өнімдерді насихаттау жұмыстары күшейтілді.

Мамандардың айтуынша, аталған шаралар отандық өндірушілерді қолдауға, қазақстандық өнімдердің ішкі нарықтағы үлесін арттыруға және тұтынушылардың жергілікті тауарларға деген қызығушылығын күшейтуге ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу