Ресей астанасы Мәскеуде каратэден Премьер-лига турнирі мәресіне жетіп, қазақстандықтар үш алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
50 келіде сынға түскен Мөлдір Жаңбырбай австриялық Беттина Планкті жеңіп, алтын жүлдегер атанды.
55 келідегі Сабина Захарова ресейлік спортшы, Токио Олимпиадасының қатысушысы Анна Черешневаға есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты.
68 келі салмақта Софья Берульцева финалда ресейлік Вера Ковалеваны ұтып, алтын медаль иеленді. Айта кетелік, бұл Софьяның Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы.
Ердер арасындағы бәсекеде Қайсар Алпысбай топ жарды. Ол 60 келі салмақтағы финалдық сында ресейлік Евгений Плахутинді ұтты.