Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында тағы 6 медаль жеңіп алды

702

Малайзияның Малакка каласында WKF каратэден ересектер арасында өтіп жатқан ХІХ Азия чемпионатында қазақстандықтар тағы алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында тағы 6 медаль жеңіп алды Фото: zakon.kz

Жарыстың екінші күні кумите бағдарламасында тəжірибелі Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) пен Қайсар Алпысбай (-60 кг) чемпион атанды.

Ал Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) мен Гүлмира Үсенова (-55 кг) финалда қарсыласқа есе жіберіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ Данияр Юлдашев (-84 кг) пен Абылай Төлтай (+84 кг) өз салмағында қола медаль жеңіп алды.

Қазіргі кезде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен жалпы есепте 1-орында келе жатыр. Одан кейін Иран мен Иордания тұр.

Қытайдың Ханьжоу қаласында болатын жазғы Азия ойындарына басты дайындық ретінде өтіп жатқан чемпионат жексенбі күні мəресіне жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу