Қазақстандық қарбыздар мен қауындар Еуропада 
сұранысқа ие

Экспорттың негізгі бөлігін қауын құрайды.

Қазақстандық қарбыздар мен қауындар Еуропада 
сұранысқа ие Фото: anons.uz

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бақша дақылдары - қарбыз бен қауын туралы қызықты фактілермен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

2023 жылдың небәрі 7 айында Қазақстанға салмағы 43,5 мың тонна қарбыз бен қауын 8 911,1 мың АҚШ долларына импортталған. Оның ішінде Өзбекстаннан 34,0 мың тонна 6 444,2 мың АҚШ долларына, Ираннан 3,1 мың тонна 2 389,8 мың АҚШ долларына, Тәжікстаннан 421,5 тонна 65,3 мың АҚШ долларына және т.б.

Салмағы 2,9 мың тонна құны 959,6 мың АҚШ долларының бақша өнімдері экспортталды. Оның ішінде Моңғолияға 940,8 тоннасы 59,6 мың долларға, Латвияға 574,2 тоннасы 218,3 мың долларға, Украинаға 
716,0 тоннасы 467,6 мың долларға, Германияға 
252,3 тоннасы 125,5 мың долларға, Польшаға 271,3 тоннасы 56,1 мың долларға, Эстонияға 115,2 тоннасы 16,4 мың долларға және т.б.

2022 жылдың 7 айымен салыстырғанда экспорт 1,8 мың тоннаға өскені байқалады.

2021-2022 жылдары Қазақстанға шет елдерден құны 23 257,53 мың АҚШ доллар салмағы 97,5 мың тонна қарбыз бен қауын әкелінді.

2021 жылы елімізге салмағы 25,2 мың тонна құны 5,1 мың АҚШ доллары, 2022 жылы 46,1 мың тонна 8,6 мың АҚШ долларын құрайтын қарбыз әкелінген.

Соңғы екі жылда негізгі жеткізуші елдер қатарында: Өзбекстан – 
66,1 мың тонна 10,7 мың АҚШ долларына, Иран – 4,2 мың тонна 
2,6 мың АҚШ долларына, Тәжікстан – 1,3 мың тонна 204,4 мың АҚШ долларына.

2021 жылы салмағы 10,1 мың тонна құны 3,6 мың АҚШ доллары, 2022 жылы 16,2 мың тонна 5,8 мың АҚШ долларын құрайтын қауындар жеткізілген.

Өзбекстаннан 25,5 мың тонна 9,2 мың долларына, Ираннан 
393,1 тонна 114,4 мың долларына, Түрікменстаннан 116,3 тонна 
54,5 мың долларына, Тәжікстаннан 114,6 тонна 40,4 мың долларына қауын әкелінді.

Сондай-ақ, қарбыз бен қауын Бразилия, Коста-Рика, Түрікменстан, Қытай, Ауғанстан, Пәкістан, Таиланд, Испания, Нидерланды сияқты елдерден әкелінеді.

Айта кетерлігі, біздің қазақстандық қарбыздар мен қауындар ТМД елдерінің нарығында бұрыннан танымал, Еуропаға да белсенді экспортталады.

Сонымен, 2021-2022 жылдары Қазақстаннан барлығы 7,2 мың тонна 
2,2 мың АҚШ долларына қарбыз мен қауын шет елге жеткізілді.

"Экспорттың негізгі бөлігін қауын құрайды. Екі жыл ішінде Латвияға 2,6 мың тонна құны 883,2 мың доллар, Украинаға 2,2 мың тонна құны 739,3 мың доллар, Германияға 741,2 мың тонна құны 384,85 мың доллар, Польшаға 114,6 тонна құны 38,6 мың долларға экспортталды, одан бөлек Әзірбайжан, Молдова, Өзбекстан, Моңғолия, Эстония сияқты елдерге де қазақстандық қауын экспортталды", – деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу