Келісімге қазақстандық қаржы институтынан басқа 6 ресейлік қаржы институты қатысты, деп хабарлайды Altyn Bank баспасөз қызметі.
Берілген жалпы займның көлемі 16 млн еуро және 3,5 млн доллар. Кредит "Кишлок курилиш банк" акционерлік-коммерциялық банкіне жалпы корпоративтік мақсат пен клиенттердің сауда келісімшарттарын қаржыландыру мақсатында бір жыл мерзімге берілді.
"Бұл бірлескен займ ауқымды экономикалық реформаларды іске асырып жатқан Өзбекстанның банк жүйесі тарихындағы алғашқы займ. Аталған дебюттік келісім өзбек және ресейлік серіктестермен ұзақмерзімді ынтымақтастық дасаудың бастауы болады деп сенеміз", – деді Altyn Bank басқарма төрағасының орынбасары Жанар Айқымбаева.
Ұлттық банк мәліметінше, 2019 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша, Altyn Bank АҚ активтер көлемі бойынша 28 банктің ішінен 13-орынға ие болған.