Қазақстандық қаржы компаниялары Ресейдің мемлекеттік қарызын сатып алып жатыр-Bloomberg

478

Bloomberg агенттігі аноним ақпарат көздеріне сүйеніп, маңызды ақпарат жариялады, деп жазады inbusiness.kz. 

Қазақстандық қаржы компаниялары Ресейдің мемлекеттік қарызын сатып алып жатыр-Bloomberg Фото: google

Ақпаратқа сәйкес, қазақстандық қаржы компаниялары Ресейдің Украинамен қақтығысы салдарынан салынған санкциялардың және өзге де шектеулердің әсерінен, осы елдің нарығынан кете алмай отырған инвесторлардан ресейлік мемлекеттік қарыздарды үлкен жеңілдікпен жаппай сатып алып жатыр.

Сондай-ақ, аноним ақпарат көздерінің агенттікке хабарлағанындай, соңғы айларда бірқатар қазақстандық брокерлік компаниялар мен банктер Ресейдің еркін бағалы қағаздары бойынша ұсыныс жасаған немесе сатып алған.  Ол құнды қағаздардың арасында РФ Қаржы министрлігі шығарған рублдік облигациялар – федералды қарыз облигациялары да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу