Қазақстандық кәсіпкерлер Бразилияға 2 млрд доллардан астам инвестиция құймақшы

970

Қазақстандық кәсіпкерлер Бразилияға  2 млрд доллардан астам инвестиция құймақшы

Аталған қаржы кенішке және темір жол құрылысына жұмсалады.

Eurasian Resources Group (ERG) иелік ететін қазақстандық кәсіпкерлер бразилиялық кенішті көтеруге 1 млрд доллардай қаржы құймақшы. Бұл туралы Қазақстанда Бразилия президенті Мишель Темермен болған кездесу кезінде сөз болды, деп хабарлайды LS.

ERG сонымен қатар темір жол құрылысына  1,4 млрд доллар инвестиция салғалы отыр.

Белгілі болғандай, ERG Баия штатының бір кен орнындағы кеніштің мажоритарлық иегері болып табылады.  Аталған аймақтың оңтүстік-шығысында ірі уран провинциясы орналасқан, онда уран кені өндіріліп, байытылады. Сондай-ақ аметист, берилла, зүбаржат және топаз секілді асыл тастар өндіріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу