25-26 маусым аралығында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, "Атамекен" ҚР ҰКП, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Оңтүстік-Орал сауда-өнеркәсіп палатасы бірлесіп, Челябі қаласында ресми сауда-экономикалық миссияны ұйымдастырады, деп жазылған "Атамекен" ҚР ҰКП сайтында.
Сапар шеңберінде әлеуетті серіктестерді табу, миссия қатысушыларымен тікелей байланыс орнату, өңірлер арасында іскерлік қарым-қатынастарды дамыту мақсатында іскерлік байланыстардың биржасы өтеді.
Миссияға азық-түлік өнімдері, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, электр-техникалық жабдық, химия өнімдерін шығаратын отандық компаниялар қатысады.
Іс-шара бағдарламасында Қазақстан Республикасы және Челябі облысының ресми тұлғалары және іскерлік қоғамдастық өкілдерінің екі елдің сауда-экономикалық қатынастары және өзара тиімді ынтымақтастығына арналған баяндамалары жоспарланған.
Өтетін күні: 25-26 маусым, сағат: 10:00 – 13:00
Өтетін орны: Челябі қаласы, "Radisson Blu" қонақүйінің мәжіліс залы.
Сауда-экономикалық миссияға қатысу сұрақтары бойынша: Абай Абрахманов, +7 778 185 2464, +7 7172 279054 (ішкі: 201), ab.abdrakhmanov@atameken.kz, Гауһар Жүкенова, +7 7172 279054 (ішкі: 210), g.zhukenova@atameken.kz.