Қазақстандық кәсіпкерлер Дубайға сауда арнайы іс-сапармен барады

Үш күн ішінде тауарлар мен қызметтерді өндірушілер мен жеткізушілер әлеуетті серіктестермен тікелей байланыс орнатады. 

Қазақстандық кәсіпкерлер Дубайға сауда арнайы іс-сапармен барады Фото: Accor

2023 жылғы 15-17 қазан аралығында экспортты мемлекеттік қолдау шараларының операторы "QazTrade" АҚ-ы Қазақстандық бизнес өкілдері үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне, Дубай қаласына сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырады.

Үш күн ішінде тауарлар мен қызметтерді өндірушілер мен жеткізушілер әлеуетті серіктестермен тікелей байланыс орнатады, Араб импорттаушыларымен, трейдерлерімен және дистрибьюторларымен іскерлік келіссөздерге қатысады.

БАӘ нарығы Қазақстан үшін тартымды. 2023 жылы ол біздің елімізде шығарылған тауарлар үшін басым экспорттық нарықтар тізіміне енгізілді.

Біріккен Араб Әмірліктері азық-түлік, ауыл шаруашылығы, металлургия, мұнай-газ саласының қазақстандық компанияларымен, сондай-ақ IT-сектормен және жаңа технологиялармен ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытуда.

Соңғы үш жылда отандық тауар өндірушілер БАӘ нарығына күнбағыс майын жеткізу көлемін ұлғайтты, қазақстандық ет өнімдерінің, атап айтқанда, қой етінің экспорты он есе өсті.

Дубай Сауда-Өнеркәсіп палатасының мәліметі бойынша, соңғы 6 жылда осы Әмірлікте тіркелген қазақстандық компаниялардың саны 81%-ға, 351-ден 637-ге дейін өсті.

Сауда миссиясы шеңберінде "QazTrade" АҚ-ы іскерлік кездесулер мен В2В келіссөздер жүргізу үшін қатысушылардың тұруына, болатын еліндегі трансферге және аудармашыларға арналған шығыстарды жабады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу