Қазақстанның сыртқы сауда палатасы отандық тауар өндірушілерді 2018 жылғы 13-14 қараша аралығында Санкт-Петербург қаласында өтетін сауда-экономикалық миссиясына қатысуға шақырады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Сапар барысында Санкт-Петербургтің сауда-өнеркәсіп палатасының алаңында әлеуетті сатып алушылар мен серіктестерді іздеуге, өңірлер арасындағы сауда байланыстарын дамытуға арналған іскерлік байланыстар биржасы өткізіледі.
Қазақстандық компаниялар азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын, электр-техникалық жабдықтарды, химиялық өнімдерді, фармацевтикалық препараттар мен жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын салалардағы кәсіпорындармен ұсынылатын болады.
Іс-шара бағдарламасында сауда-экономикалық форумға қатысу, Санкт-Петербург пен Ленинград облысының бизнес-топтарымен іскерлік байланыстар өткізу, "Петерфуд-2018" халықаралық азық-түлік көрмесі мен кәсіпорындарға бару көзделген.