Қазақстандық кәсіпкерлер Сауд Арабиясына 18.2 млн доллардың өнімін экспорттайды

309

Қазақстандық компаниялар Сауд Арабиясына өнім жеткізуге келісімшарттар жасасты.

Қазақстандық кәсіпкерлер  Сауд Арабиясына 18.2 млн доллардың өнімін экспорттайды Фото: Министрлік

Эр-Риядта 26-28 қараша аралығында алғаш рет ҚР Сауда және интеграция министрлігінің және экспортты қолдаудың қаржылық емес шараларының операторының QazTrade-нің көмегімен қазақстандық кәсіпкерлердің сауда миссиясы өтуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Сауд Арабиясының іскер топтарының қатысуымен өткен бизнес-форумда ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев елдеріміз арасындағы тығыз байланысты атап өтті. Өткен жылы САК-тың астанасында "Орталық Азия + Шығанақтағы Араб мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесі" мемлекет басшыларының бірінші саммиті өтті. Бүгінде Сауд Арабиясы Қазақстанның Ислам және Араб әлеміндегі жетекші стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. Өзара инвестициялар экономикалық дамуға оң әсер етеді және сауданы ынталандырады.

"Патшалықтың қолдауымен біздің елімізде 120 млн долларға жобалар енгізілді. Олардың бірі Жетісу облысында қуаты 1 ГВт ірі жел электр станциясының құрылысы болды. Сондай-ақ, біз ауыл шаруашылығы, фармацевтика, металлургия және басқа да салаларда экспортқа бағдарланған жаңа жобаларды іске асыруды талқылауға ашықпыз", - деді Қайрат Төребаев Эр-Риядтағы іскерлік форумда.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара сауда қарқынды өсуде. 2023 жылдың 9 айында тауар айналымы 13,4 млрд долларға жетті. Қазақстандық өнімнің экспорты өткен жылғы көлемнен асып, 7,2 млрд долларынқұрап, 66,5%-ға артты. Қазақстан Сауд Арабиясына негізінен машина жасау және металлургия саласының өнімдерін жеткізеді. Өткен жылдан бастап отандық компаниялар салқындатылған қойетін Сауд нарығына экспорттай бастады. САК импорттаушыларының тізіліміне барлығы 34 отандық ет және бал өнімдерін өндірушілер кіреді, тағы 23 кәсіпорын қосылады деп күтілуде.

"Қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Сауд Арабиясына 500 млн долларға жуық тауардың 75-тен астам түрін қосымша жеткізуге дайын. Металлургия және тамақ өнеркәсібін өндірушілер үлкен экспорттық әлеуетке ие. Сіздердің компанияларыңызбен ынтымақтастыққа, әсіресе IT саласында қызмет көрсетушілер жоғары қызығушылық танытуда", - деді Қайрат Төребаев.

Оның айтуынша, кейбір қазақстандық тауар өндірушілер Сауд Арабиясы аумағында сауданы одан әрі дамыту үшін өкілдіктер ашу мәселесін пысықтауда. Сондықтан біздің еліміз кәсіпорындарды Сауд Арабиясы импорттаушыларының тізіліміне жедел енгізуге, сауда-экономикалық миссиялар, қазақстандық брендтердің өнімін тануды арттыру үшін көрмелер өткізуге мүдделі.

Сауда-экономикалық миссиясы шеңберінде Қазақстаннан ет және ет өнімдерін, бал, ұн және күнбағыс майын, құрылыс материалдарын, ТКМК өнімдерін өндіретін 25 компания, сондай-ақ IT және басқа да қызметтерді жеткізушілер ұсынады. Эр-Риядтағы іскерлік келіссөздердің қорытындысы бойынша қазақстандық бизнесмендер 18.2 млн АҚШ долл тұратын экспорттық келісімшарттарға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу