Қазақстандық кәсіпкерлер сүт өнімдеріне міндетті таңбалау енгізуге қарсы

650

Қазақстандық кәсіпкерлер сүт өнімдеріне міндетті таңбалау енгізуге қарсы, деп хабарлайды Atameken Business.  

 Қазақстандық кәсіпкерлер сүт өнімдеріне міндетті таңбалау енгізуге қарсы

Өндірушілерден бастап, қарапайым дүкен иелеріне дейін өз шағымдарын баспасөз конференциясында айтты. Кәсіпкерлер тауарларды таңбалаудан шығынға батамыз дейді. Сөздерін дәлелдеу үшін, тіпті ішінара тексеріс те жүргізіпті. Сондағы нәтиже көңіл көншітпейтінін айтады. Өйткені жүйе енгізілгеннен кейін кейбір өнімдер бірден 10 пайызға қымбаттауы мүмкін. Оның үстіне, кәсіпорындарда бар техника таңбалау компоненттерімен сәйкес келмейтіндіктен, өндірістік құю желілері-нің жылдамдығы 10 есе төмендейтін болады. Ол аздай, міндетті таңбалау шағын дүкен иелеріне де ауыр соққы болайын деп тұр. Өйткені жоба іске қосылса, бизнесмендерге есепші мен ІТ мамандарын жұмысқа тартуы қажет болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу