Қазақстандық кәсіпкерлерді қандай мәселелер мазалайды?

800

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен бизнестегі мәселелер қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық кәсіпкерлерді қандай мәселелер мазалайды?

Отырыста "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы қоғамдық көлік жүргізушілерінің жетіспеушілігі және "D" санатындағы жүргізуші куәлігін алуға өтініш білдірген жүргізушілерге қойылатын талаптарды жеңілдету мәселесін көтерді. 

Кездесу қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, бір аптада бұл мәселені шешу бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды. 

Квазимемлекеттік сектор компанияларының кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуы туралы мәселесі көтеріліп, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ әрекеттері мысал ретінде келтірілді.

Әлихан Смайыловтың тапсырмасына сәйкес, тиісті мемлекеттік органдар "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ қызметіне, оның квазимемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келуіне талдау жасап, нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістерді енгізеді.  

Сондай-ақ премьер-министрдің бірінші орынбасары 2021 жылдың соңына дейін  "ҚР МЖ 12-2009 негізгі қорлар жіктеуіші" Мемлекеттік жіктеушіне оны өзектендіру және халықаралық жіктеуіштерге сәйкес келтіру бойынша өзгерістер енгізуді тапсырды. 

Отырыста заңсыз тасымалдаудың дамуын ескере отырып, автовокзалдар мен автостанциялардағы жолаушылар ағынының азаюы мәселесі де талқыланды. Заңсыз тасымалдауды бақылау тиісті деңгейде жүргізілмегендіктен нарықтағы адал қатысушылар тасымалдауды дамытуға және жылжымалы құрамды жаңартуға инвестициялануы мүмкін кірістен айырылып отырғаны атап өтілді. Бұл Қазақстанның барлық аймағындағы автовокзалдар мен автостанциялар қызметі кері әсерін тигізіп отыр. Осы мәселені шешу үшін ақпараттық жүйелердің көмегімен заңсыз жолаушылар тасымалына бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды. 

Сонымен қатар интернет-агрегаторлардың (қосымшалардың) қызметін бақылауды оңтайландыру, шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөліктерге тапсырыстарды беруге тыйым салу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу