Қазақстандық кәсіпқой боксшы 8-рет жеңіске жетті

652

Қазақстандық кәсіпқой боксшы 8-рет жеңіске жетті

Қазақстандық Абылайхан Құсайынов пен мексикалық Хильберто Мес (8-3-1, 5 КО) арасындағы жекпе-жек Канаданың Монреал қаласында өтті. Сегіз раундқа жоспарланған айқаста спортшымыз жеңіске жетті. Төрешілер Абылайхан Құсайыновты (77-74, 77-74, 76-75) бірауыздан  жеңімпаз деп таныды, деп хабарлайды prosports.kz.

Қазақстандық былғары қолғап шебері Абылайхан Құсайынов кәсіпқой бокста сегізінші мәрте жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы Хильберто Мес спорттағы мансабында төртінші рет жеңіліс тауып отыр. Канадалық БАҚ Құсайыновтың соққылары мен ерекше  шабуылы жайлы жиі жазып келді.

Дегенмен, бұған дейінгі Абылайхан мен мексикалық Хесуса Сильвейр (8-5-2, 3 КО) арасындағы кездесу жайлы  TheFightCity.com журналисі Захари Алапи "жекпе-жек өте қиын болды, қазақстандық бокшы төрешілердің басым дауысымен ғана жеңіске жетті" деп жазған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу